Садриддин Ахмедов салмақ өлшеу процедурасынан өтті

19 сәуірде Қазақстан боксшысы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) пен мексикалық Элиас Эспадас (23-6, 16 КО) арасындағы жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу өтті, деп хабарлайды Sport+.
Екі боксшы да салмақ өлшеуде 156,4 фунт (70,7 келі) көрсетті.
27 жастағы Ахмедов бірінші жартылай орта салмаққа оралып отыр. 2024 жылы ол АҚШ-та орта салмақта екі жекпе-жек өткізген.
Бокс кеші 20 сәуірде таңертең өтеді. Ахмедов пен Эспадас арасындағы жекпе-жек кештің басты жекпе-жегі болады.
Барлық іс-шара мен басты жекпе-жекті тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.