Аңыздың оралуы және белдік үшін жекпе-жек. Sport+ телеарнасы Пакьяо – Барриос жекпе-жегін көрсетеді

46 жастағы бокс аңызы Мэнни Пакьяо (62-8-2, 39 KO) рингке оралады.
19 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) суперветеран WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын америкалық жартылай орта салмақтағы боксшы Марио Барриостан (29-2-1, 18 KO) тартып алуға тырысады.
Бокс кешінің барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.