Ангелина Лукас әлемдік рейтингте бір сатыға жоғарылады

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) BoxRec.com рейтингісіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sport+.
Лукас екінші жеңіл салмақтағы рейтингте 13-орыннан 12-орынға көтерілді.
Оның соңғы жекпе-жегінде венесуэлалық Джоана Суньиганы (18-9-1, 11 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңгеніне қарамастан, бұл нәтиже әзірге статистикаға енгізілген жоқ.
BoxRec порталында Лукасқа тіркелген соңғы ресми жеңіс – нигериялық Айисат Орийомимен (9-1, 6 КО) кездесуде үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетуі.