Алматыда шаңғы спорты түрлерінен Қазақстан спартакиадасы өтті

Алматыда шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан Қазақстан Республикасы қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+
Бұл жарыс Норвегияның Тронхейм қаласында өтетін 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық кезеңдерінің бірі болды. Спартакиадаға еліміздің ең үздік спортшылары қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Алайда жастар арасында Олимпиада чемпионы Илья Мизерных әлем чемпионатына дайындалуына байланысты жарыстан босатылды.
Жалпы, ел біріншілігінде Қазақстанның 5 облысынан келген 50-ге жуық спортшы бақ сынады. Спартакиада нәтижелері негізінде 2025 жылғы әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.
Шаңғымен тұғырдан секіруден Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Ерлер (жекелей сын)
Васильев Даниил (Алматы) — 253 ұпай
Муминов Сабиржан (Алматы) — 244 ұпай
Ткаченко Сергей (ШҚО) — 241 ұпай
Әйелдер (жекелей сын)
Алена Свириденко (ШҚО) — 187 ұпай
Алиса Седова (Алматы) — 166 ұпай
Вероника Шишкина (Алматы) — 156 ұпай
Ерлер (командалық есеп)
Алматы — 967 ұпай
ШҚО — 458 ұпай
Әйелдер (командалық есеп)
Алматы — 649 ұпай
ШҚО — 436 ұпай
Шаңғы қоссайысынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер
К-95 – Әйелдер, лыжная гонка (5 км)
Свириденко Алёна
Рулева Виктория
Ковширина Анастасия
Әйелдер эстафетасы
Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО)
Алматы қаласы
Жетісу облысы
К-60 – Әйелдер, лыжная гонка
Свириденко Алёна
Ковширина Анастасия
Рулева Виктория
К-95 – Ерлер, лыжная гонка (10 км)
Лазовой Илья
Бочкарёв Вячеслав
Сұлтанғазинов Ислам