Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турниріндегі жарыс жолын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ сілтеме жасап.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және турнирде 10-нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 491-ракеткасы, австралиялық Танаси Коккинакиспен кездесті.
Кездесу бес сетке созылып, Бубликтің ерік-жігерінің арқасында 4:6, 6:3, 6:7, 6:3, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 3 сағат 39 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 28 эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Екінші айналымда Александр Бублик іріктеу кезеңінен негізгі жарыс кестесіне шыққан әлемнің 139-ракеткасы, франциялық Кирьян Жакемен кездеседі.