Айдаһарларды кім тоқтатады? «Порту» — «Санта-Клара» ойынының тікелей эфирі
Бапкер Франческо Фариолидің жетекшілігіндегі «Порту» Португалия чемпионатында керемет нәтиже көрсетіп жүр — 16 турда бар болғаны бір ғана ұпай жоғалтты, оның өзі тікелей бәсекелес «Бенфикамен» тең ойын.
Қазіргі таңда «айдаһарлардың» доп айырмасы 35:4, ал сырт алаңда 8 матчтың барлығында жеңіске жетіп, доп айырмасын 19:2 көрсеткішіне жеткізді.
«Санта-Клара» турнир кестесінде тек 13-орында тұр. Дегенмен, олар өз алаңында жақсы ойнайтын команда саналады — жинаған 16 ұпайының 11-ін өз стадионында алған.
«Порту» футболшылары кезекті жеңіске жете ала ма? Әлде негізгі құрамында 8 бразилиялық ойыншысы бар «Санта-Клара» оларды тоқтата ма?
Мұны 4 қаңтар күні сағат 23:00–де білетін боламыз.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.