«Жетісу» өз алаңында қатарынан екінші рет жеңілді

Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Жетісу» мен «Атыраудың» кездесуі тартысты өтті, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Өткен ойында «Буревестникке» жол берген талдықорғандықтарға үздік үштіктен шығып қалмас үшін тек жеңіс керек еді.
Алаң иелері бірінші партияны өз есебіне жазды – 26:24. Бірақ екінші, үшінші сет «Атыраудың» еншісінде кетті – 25:18, 33:31. Содан кейін де қарқынынан танған жоқ – 25:21. Қорытынды есеп – 3:1, «Атыраудың» пайдасында.
Осылайша, өз алаңында қатарынан екінші рет жеңіліп қалған «Жетісу» турнир кестесінде 28 ұпаймен төртінші орынға сырғыды.
Оралдың «Жайығы» солтүстікқазақстандық «Есілмен» ойында қинала қойған жоқ – 3:0 (25:15, 25:18, 25:16).
Ұпай санын 43-ке жеткізген Виктор Козиктің шәкірттері Қазақстан біріншілігінде бұрынғыша көш бастап келеді.
Екінші орындағы «Ақтөбе» көш соңындағы «Ұшқын-Көкшетаудан» 3:0 (25:13, 25:18, 25:19) есебімен басым түсті.
Жексенбі күні «Жайық» - «Ұшқын-Көкшетау», «Тараз» - «Буревестник», «Павлодар» - «Атырау», «Жетісу» - «Есіл» кездеседі.