«Вольфсбург» Германия Кубогының ширек финалына шықты (видео)

«Вольфсбург» Германия Кубогының 1/8 финалында өз алаңында «Хоффенхаймды» қабылдап, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Ойын «қасқырлардың» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Голдардың авторлары: Денис Вавро, Йонас Винд және Янник Герхардт.
Осылайша, «Вольфсбург» өз сериясын 7 ойынға дейін созып, Германия Кубогының ширек финалына жолдама алды.