logo

Виктория Графеева бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Виктория Графеева бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін боксшы Виктория Графеева Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Финалда Графеева бразилиялық Ребека Де Лима Сантосқа қарсы шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жек тартысты өтті. Кездесудің соңында Виктория қарсыласын нокдаунға түсіріп, алтын медальді жеңіп алды.



Күн шежіресі