Вероника Агеева Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sport+
Біздің команданың үздік ойыншысы ретінде голкипер Вероника Агеева танылды. Ол бес матчқа қатысып, екі ойында қақпамызға бірде бір шайба соғылмаған. Сонымен қатар, Агеева 104 шайбаның 97сін кері қайтарып, осы көрсеткіш бойынша екінші орында — 93,27%, ол орта есеппен бір матчта 1,66 гол көрсеткішіне қол жеткізген.