logo

Теннис жұлдыздары мен жас таланттар: Астанадағы ұмытылмас «Kids Day»

Теннис жұлдыздары мен жас таланттар: Астанадағы ұмытылмас «Kids Day»

Елордада Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup іріктеу кезеңі аясындағы Канада құрамасына қарсы маңызды матчқа қызу дайындық үстінде. Қазақстан теннис федерациясы дайындық кестесінің тығыздығына қарамастан, дәстүрлі «Kids Day» шарасын ұйымдастырып, ұлттық құрама көшбасшылары мен жас спортшылардың басын қосты.

Мерекелік шараға еліміздің үздік теннисшілері: Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Аружан Сағандықова жәнеСоня Жиенбаева қатысты.

 «Kids Day» бағдарламасы жас өрендер үшін өз кумирлерімен бір кортта өнер көрсетуге берілген бірегей мүмкіндік болды. Шеберлік сағаты барысында құрама ойыншылары кәсіби құпияларымен бөлісіп, техникалық тәсілдерді көрсетті және ойын тактикасы бойынша құнды кеңестер берді. Әсіресе, Билли Джин Кинг кубогы сияқты командалық жарыстарда шешуші рөл атқаратын – өзара ауызбіршілік пен ұжымдық жұмысқа ерекше көңіл бөлінді.

Жаттығудан кейін ауқымды автограф-сессия мен фотосессия ұйымдастырылды. Балалар спортшылармен бейресми жағдайда еркін тілдесіп, естелік суреттерге түсті және доптары мен ракеткаларына қолтаңба алды.

 
 Қазақстан теннис федерациясы мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл теннис спортын дәріптеп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, балалардың үлкен теннис отбасының мүшесі екенін сезінуіне жол ашады. Әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлерден алған тәжірибе мен ерекше әсер – еліміздің болашақ чемпиондары үшін үлкен мотивация болары сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы Billie Jean King Cup іріктеу матчтары 10-11 сәуір күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында (Beeline Arena) өтеді. Командалар әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін бақ сынайды.
 
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Forte. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы



Күн шежіресі