Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы, еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа жеңіл көлік сыйға берілді, деп хабарлайды Sport +.

Балуанның ата-анасы мен жаттықтырушысы да марапатталды.

Бүгін облыстық әкімдікте чемпион Нұрқожа Қайпановқа сый-құрмет көрсетілді. Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов спорттағы жетістіктері үшін балуанға СҚО әкімінің құрмет грамотасын және автокөліктің кілтін табыс етті. 

Жеке бапкері Сағындық Бейсембаевқа 3 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы берілсе, Нұрқожаның ата-анасы Аралбек Қайпанұлы мен Перизат Қанатбайқызы СҚО әкімінің алғысына ие болды.