logo

София Берульцева — Karate Premier League күміс жүлдегері (видео)

София Берульцева — Karate Premier League күміс жүлдегері (видео)
Қазақстандық Софья Берульцева 68 келіден астам салмақ дәрежесінде Парижде өтіп жатқан Karate Premier League финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.

Софияның қарсыласы испандық Гран-придің қазіргі жеңімпазы Мария Торрес болды.

Өкінішке орай, жеңіс Испания өкіліне 5:4 есебімен бұйырды. 

Осылайша, Берульцева турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандық каратешілердің қоржынында екі күміс және үш қола бар.