Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.

София финалға шығу үшін өткен кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.