Роза Кеңес Азиада-2026 финалында төртінші орын алды

Роза Кеңес Азиада-2026 финалында төртінші орын алды

Академиялық ескек есуден Қазақстан құрамасының спортшысы Роза Кеңес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының А финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы әйелдер арасында жеңіл салмақтағы жекелей сында бақ сынады.

Финалдық жарыста Роза Кеңес қашықтықты 7 минут 47,95 секундта еңсеріп, төртінші орынға ие болды.

Алтын медальді Иран өкілі Фатеме Моджаллал Топраггхале 7:24.57 нәтижесімен жеңіп алды. Екінші орынды Гонконг спортшысы Винне Хунг (7:28.54), үшінші орынды Таиланд өкілі Париса Чемпудса (7:40.61) иеленді.



Күн шежіресі