Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Baku Grand Slam-2025 турниріндегі сәтті өнерінен кейін әлемдік рейтингте айтарлықтай алға жылжыды, деп хабарлайды Sport+.
Ауыр салмақта (+100 келі) сынға түскен Қажыбаев қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі жалғыз жүлде болды.
Үшінші орын үшін белдесуде Ерасыл Қажыбаев Грузия өкілі Сабе Инанеишвилиді golden score кезеңінде таза «иппонмен» жеңді.
Осы жетістігінің арқасында Қажыбаев Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде 31-орыннан 23-орынға көтерілді.