Қазақстан волейболдан Орталық Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстан волейболдан Орталық Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы турнир барысында Непал командасын жеңсе, Өзбекстан, Бангладеш, Шри-Ланка, Пәкістанға жол берді.

Нәтижесінде отандастарымыз 5-6 орындар үшін өткен матчта Непал құрамасын 3:0 (25:18, 27:25, 25:20) есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты бесінші орынмен аяқтады.



Күн шежіресі