Қазақстан қылыштасудан Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Қазақстанның ерлер құрамасы қылыштасудан Мысыр астанасы Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық жарыста ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
— Бексұлтан Әбжал
— Қуаныш Ерғашбай
— Жанат Нәбиев
— Қайназар Нұрқатұлы
— Нұрсат Айтмырза
— Артем Саркисян
— Сұлтан Станбек
— Нұрмұхаммед Жайлыбай
— Артур Чупраков
— Назарбай Саттархан
Әлем кубогының кезеңі 22-23 мамыр күндері өтеді.
Айта кетейік, Нұрмұхаммед Жайлыбай биыл сәуір айында Бразилияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.