logo

Қазақстан баскетболшылары Азия Кубогы іріктеу кезеңінде Катармен кездеседі

Қазақстан баскетболшылары Азия Кубогы іріктеу кезеңінде Катармен кездеседі

Астанада басткеболдан Азия Кубогына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы бірнеше матч өткізуде, деп хабарлайды Sport+

21 ақпан күні Катар командасымен кездескен отандық баскетболшылар 71:92 есебімен қарсыласқа жол берді. Осы топтағы басқа матчта Иран Үндістанды 106:55 көрсеткішімен тізе бүктірді.

Қазір еліміздің баскетбол ұжымы Е тобында 6 ұпаймен соңғы орынға жайғасқан. Еншісінде 9 ұпайы бар Иран көш бастап тұр.

Бүгін, 24 ақпанда Қазақстан құрамасы Иранмен күш байқасады. 

Матч Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында 20:00де басталады.



Күн шежіресі