logo

«Қайрат» бас директоры қызметінен кетті

«Қайрат» бас директоры қызметінен кетті

«Қайрат» футзал клубының бас директоры Әсем Қожанова өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport+.

Маманның не себепті қызметінен кеткені және оның орнына кім тағайындалатыны әзірге белгісіз.

Қожанова алматылық клубты 2014 жылдың сәуір айынан бастап басқарды. Осы уақыт ішінде «Қайрат» бір рет УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды, тоғыз рет Қазақстан чемпионы болды, 10 мәрте ел Кубогын жеңіп алды және сегіз рет Суперкубок иегері атанды.

Сондай-ақ, «Қайрат» 2023 жылғы Masters Cup пен 2014 жылғы Әлем Суперкубогында жеңіске жетті және Еременко Кубогын төрт рет иеленді.



Күн шежіресі