Пара волейболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Сартаев өмірлік қиындықтары туралы айтты

Пара волейболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Сартаев Sport+ телеарнасының қонағы болып, жүрекжарды сұхбат берді.
«2011 жылы қатерлі дерт салдарынан ота жасалған кезде жасым небәрі 21-де еді. Алғаш ауырғанда, аяғымды кесуге қарсы болдым. Бірақ ота жасатқан жігіттерді көріп, олармен сөйлескен соң, аяқсыз да өмір сүруге болатынына көзім жетті. Отадан кейін өте қиын болды. Мен үйде жатқанда, қатарластарым серуендеп жүрді. Дегенмен, достарымның көмегі көп тиді. Ал жанымда болып, әрдайым қолдау көрсеткен — әкем еді. Ол қазір өмірден өтті, бірақ мені аяққа тұрғызған — сол кісі», — деді Сартаев.
Бауыржан Сартаевтың толық сұхбатын YouTube-арнамыздан көре аласыздар.