Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Головкин мен Криштиану Роналду туралы пікір білдірді

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Sport+ телеарнасына эксклюзивті сұхбат беріп, неше жасқа дейін спорттық мансабын жалғастыратынын айтты.
— Келесі Олимпиадаға барып жатсақ, мен 35 жаста боламын екен. Геннадий Головкин ағамыз 40 жасқа дейін өнер көрсетті. Әлі де өнер көрсетсе де болатын еді. Криштиану Роналду 40 жасында қалай футбол ойнап жатыр. Жас деген жай ғана сандар. Кім еңбек етеді, режим ұстайды, сол түбінде мақсатына жетеді деп ойлаймын.
Қырғызбаевпен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар.