logo

Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалдық сайыста Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласты.

Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Нәтижесінде алтыншы болып мәре сызығын кесті — 9:06.34.

Кениялық Фейт Черотич жеңіске жетті — 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді — 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді — 8:58.86.



Күн шежіресі