Спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбановқа кеше демеушілер көлік мінгізген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Біз Аида екеуіміз 2018 жылы таныстық. Содан бері қыз-жігіт болып араласып келеміз. Сүйіктім Аида да гимнастшы. Бұйырса, тойымыз қыркүйекте болады», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Олимпиадада жүлде алған қазақстандық спортшыларға елде ерекше сый-құрмет көрсетілгенде, Нариман назардан тыс қалған еді.
Жанкүйерлер болса ірі кәсіпкерлерді спортшыға лайықты құрмет көрсетуге шақырған. Алғашқылардың бірі болып Allur компаниясы үн қатты. Оған кеше Škoda Kodiac кроссоверін сыйға тартқан.
