«Манчестер Сити» «Барселона» түлегін сатып алды

«Манчестер Сити» «Порту» клубының орталық жартылай қорғаушысы Нико Гонсалеспен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «қалалықтар» ойыншының клаусуласы ретінде 60 млн еуро төлемек.
Бұл «Сити» клубының қысқы трансфер терезесіндегі төртінші жаңа ойыншысы. Бұған дейін команда Абдуқодир Хусанов, Витор Рейс және Омар Мармушпен келісімге келген.
23 жастағы испаниялық футболшы осы маусымда «Порту» сапында 29 матч өткізіп, 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Гонсалестің ойынын Sport+ телеарнасынан көре алдыңыздар, ол Қазақстанда Португалия чемпионатының ресми хабар таратушысы болып табылады.
Испаниялық жартылай қорғаушының «Манчестер Сити» сапындағы дебюттік матчы 8 ақпанда Англия Кубогында «Лейтон Ориентке» қарсы өтеді. Бұл ойынды тікелей эфирде Sport+ арнасынан тамашалай аласыздар.