Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған қырғыз азаматы ұсталды
«Финал әділетсіз өтті» деген қырғызстандықтар әлеуметтік желіде Қазақстан көкпаршыларынан бастап, халықты балағаттады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Солардың бірін Қырғызстан қауіпсіздік қызметі ұстап, көпшілік алдында кешірім сұратты.
Ұсталған азамат әлеуметтік желіде Қазақстанның туын лақтырып, мемлекеттік рәмізді қорлаған. Бұл өз кезегінде мыңдаған адамның ашуын тудырды.
Екі елдің арасына от салып, арандатқан жас жігіттің ұсталғанын Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеген. 21 жастағы азамат видеокамера алдында екі елден де кешірім сұрап, өз қателігін мойындады.