Григорий Ломакин Австралиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Григорий Ломакин Австралиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Австралияның Брисбен қаласында қазақстандық теннисші Григорий Ломакин қатысып жатқан ITF M25 турнирі басталды, деп хабарлайды Sport+.

Жұптық сайыста Григорий грузиялық Александр Бакшимен бірге жергілікті теннисшілер Эштон Маклеод пен Чарли Пейд жұбын 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты.

Келесі айналымда қазақстандық-грузиялық жұп Колин Синклер (Солтүстік Мариана аралдары) мен Брэндон Уокин (Австралия) жұбына қарсы ойнайды.

Сонымен қатар, Ломакин жекелей сында да өнер көрсетеді. Ол 13 қарашада америкалық Джошуа Шихимен кездеседі.