Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды

13-20 маусым аралағында Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде 92 елден 566 спортшы 14 салмақта жүлде үшін бақ сынайды.
Қазақстанның құрамы төмендегідей:
Ерлер:
— 60 келі: Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов
— 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев
— 73 келі: Есет Қуанов
— 81 келі: Абылайхан Жұбаназар
— 90 келі: Мейірлан Максим
— 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
— 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
— 48 келі: Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева
— 63 келі: Эсмигүл Куюлова
Сондай-ақ турнир аясында командалық жарыс ұйымдастырылады.