logo

Дэвис кубогы: Қазақстан Оңтүстік Кореяға ұтылып қалды

Дэвис кубогы: Қазақстан Оңтүстік Кореяға ұтылып қалды

Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогының матчында Қазақстан Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик жарақат алғаннан кейін матч барысында құрамға өзгерістер енгізуге тура келді.

Жұптық сында Александр Шевченко — Тимофей Скатов оңтүстіккореялықтар Пак Уй Сун — Нам Чжи Сунға есе жіберді — 2:6, 3:6.

Содан кейін әлемнің 220-ракеткасы Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған Чон Хёнмен кортқа шықты. 

Бірінші партия жергілікті теннисшінің пайдасына шешілді — 6:3.

Екінші сетте Попко 5:1 есебімен алға кетті. Алайда сол басымдылығын пайдалана алмай, қатарынан бес геймді беріп қойды — 5:7.

Осылайша, оңтүстіккореялық команда есепті 3:1-ге жеткізіп, қазақстандықтарды қапы қалдырды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!



Күн шежіресі