Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.
Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші раундта да басымдығын сақтап қалған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) алтын алса, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күмістен алқа тақты.