logo

Бокстан Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді

Бокстан Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді

Алматы қаласында Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанатты рәсімі өтті.

Ант берген әскери қызметшілер қатарында атақты спортшы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова да болды. Ол екі алтын медальдің біріншісін биыл наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде ұтса, ал екіншісін қыркүйек айында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен жарыста жеңіп алды.

— Погон тағып, Қарулы күштер қатарында қызмет ету — мен үшін үлкен мәртебе. Армия орталық спорт клубында қызмет ету спортта дамуға және Қазақстанды беделді халықаралық турнирлерде танытуыма мүмкіндік берді, — деді Балқыбекова.