Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына өтті

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына өтті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мырзакир Кошалиевпен жұдырықтасты.

Үш раундтың нәтижесі бойынша Айбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.



Күн шежіресі