«Атырау» грузиялық қорғаушы қатарына қосты

Футбол клубы «Атырау» 30 жастағы грузиялық қорғаушы Гиорги Гадранимен келісімшарт жасағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Гадрани мансабында Тбилисидің «Динамо», «Дила» және «Динамо Батуми», сондай-ақ Украинаның «Десна» және «ВПК-Агро» клубтарында өнер көрсетті.