«Атырау» Арсен Сиукаевті қатарына қосты

«Атырау» ресейлік 28-жасар голкипер Арсен Сиукаевпен келісім шартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+
Сиукаев «Кубань» түлегі. «Калуга», «Машук-КМВ», «Биолог-Новокубанск», «Арарат-Армения», «Лори» және «Спартак Нальчик» сынды Ресей мен Армения клубтарының сапында ойнаған. Қазақстанда Арсен Сиукаев «Ақсу» мен «Жетісу» намысын қорғап үлгерген.
Барлығы Қазақстан Премьер-лигасында 30 матч өткізіп, оның ішінде 9 ойында бірде бір гол өткізбеген.