logo

Астанада 20 елдің үздік спортшысы бас қосты

Астанада 20 елдің үздік спортшысы бас қосты

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы басталды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform Агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Байрақты бәсекеге Испания, Швейцария, Марокко, Үндістан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Египет, Румыния, Тунис, Германия, Қытай, Таиланд, Қазақстан сынды 20 елден 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарысқа қатысушылар арасында әлем, Еуропа, Азия чемпиондары, әлем кубогының иегерлері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар.

Спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» пәндерінде 10 салмақта өнер көрсетеді.



Күн шежіресі