logo

«Астана» ФК спорттық директоры Павлюк: Төрешілер департаментінің басшысы орнын босату керек

«Астана» ФК спорттық директоры Павлюк: Төрешілер департаментінің басшысы орнын босату керек

«Астана» футбол клубының спорттық директоры Игорь Павлюк Ақтөбедегі матч пен төрешілердің жұмысы жайлы пікірледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Ақтөбеде жарнамасына сай, жанкүйерлер жасаған атмосферасы тамаша, нағыз үлкен ойын болды. Аталған қалада өткен матчқа біздің клубтың жанкүйерлері алғаш рет келгені да көңілді қуантады. Бірақ осы мереке төрешілердің қателігінен тағы да бұзылды, ұқсас эпизодтар басқаша түсіндірілді, төрешілер тобының әрекеттерінде белгілі бір жүйелілік болмады. Ешкімді кінәлағым келмейді, бірақ турдан турға өткен сайын төрешілер қарсыластарымыздың пайдасына қателеседі – «Елімаймен» ойында аяқдопшы алаңнан қуылды, қарсыласқа қызыл қағаз берілмеді, «Тобылмен» өткен матчта ереже бұзылып гол соғылды, енді «Ақтөбемен» кездесуде да «ғажайыптар» орын алды. Барып тұрған бассыздық! Қарсыластарымыздың мықтылығына шек келтірмейміз, алайда осы кездесулерде 7 ұпайдан айырылдық.

Мұның астарында не жатқанын білмеймін – «Астанаға» деген жек көрушілік, әлде жалпы төрешілік деңгейінің нашарлағаны ма, бірақ ел чемпионатына қараңызшы, әр турда төрешілерге қатысты дау-дамайлар орын алады. Жанкүйерлеріміз әдемі голдар, алдап өту пен доп беруді емес, айып добын, алаңнан қуылу мен қателіктерді талқыға салатын болды. Қайталап айтамын, бұл бассыздық!».

Еске салайық, Olimpbet QFL Премьер-лигасының 7-тур аясында «Астана» «Ақтөбемен» кездесіп, тең ойнаған болатын. Ойынның бірінші жартысында гол астаналықтардың сапында жалғыз гол авторы Исламбек Қуат алаңнан қуылған болатын.