Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың ширек финалында

Әмір Омарханов ATP рейтингісінде 1036-орында тұрған қазақстандық теннисші, Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Турнирдің жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары.
Омарханов екінші айналымда италиялық Лука Констаньоланы (ATP 738) 7:5, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Ширек финалда Әмір франциялық Шарль Бертимонмен (ATP 1343) немесе турнирдің бірінші ракеткасы саналатын германиялық Том Гентцпен (ATP 472) кездеседі. Бұл ойын ертең, 28 ақпан күні түстен кейін өтеді.