logo

Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионатының финалына өтті (видео)

Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионатының финалына өтті (видео)

Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Әбікеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінде ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

Аида Әбікеева бұл кезеңде Мэрри Уолшпен (Ирландия) кездесті.

Алғашқы раунд ирландиялық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен жерлесіміз екінші және үшінші үшминуттықта тізгінді қолына алып, жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының алдын медалі үшін бақ сынайды.



Күн шежіресі