Әділет Ахметғали кураштан Азиаданың қола жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Әділет Ахметғали кураштан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әділет 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Ахрор Зиёдуллаевпен кездесті.
Белдесудің нәтижесінде өзбекстандық спортшы 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Әділет Ахметғали Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.