logo

Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына жолдама алды

Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына жолдама алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта жарыс басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғауда.

Іріктеу кезеңінен өту үшін спортшылар өз тобында 1-2-орын алуы немесе үшінші орын алғандар арасынан уақыт көрсеткіші бойынша үздік төрттікке енуі қажет болды.

Әжіғалиев екінші топта кейбір қарсыластарының құлаған сәтін тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті де, тікелей ¼ финалға жолдама алды.

Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетті. Алайда оның уақыт көрсеткіші іріктеу кезеңінен өтуге жеткілікті болды.

Айта кетейік, ¼ финал, ½ финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді.



Күн шежіресі